«WhatsApp» месенджерінде 1 маусым күні сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін орталық алаңда балаларға балмұздақтар мен тәттілер тегін таратылады деген аудиохабарлама тарады.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.
- Шын мәнінде Ақтау қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай сағат 18.00-де 4 шағынаудандағы «Астана» алаңында «Бақытты балалық шақ» мерекелік концерті өтеді. Алайда ол жерде балаларға балмұздақ таратылмайды. Аудиожазба арқылы таралған ақпарат - жалған, - дейді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.