Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбайұлы ескерткішіне барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тағзым ету шарасына өңірдің зиялы қауым өкілдері де қатысты.
Сонымен қатар, Тобанияз Әлниязұлы ескерткішіне де гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды. Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов және Тобанияз Әлниязұлының ұрпақтары келді.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН