15 мамыр күні Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ал Ақтау қаласында 15 мамырда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.