Жыл басынан бері Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 31 әкімшілік іс жасақталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының міндетін атқарушы Әлібек Кеңесұлы айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен құрылыстың басталғаны туралы 179 хабарлама қабылданды, 162 нысан іске қосылған.
- Биыл басқармамен 3 тексеру жұмысы жүргізілді. Прокуратура және уәкілетті органдардың тиісті ұсынулары мен актілеріне және тексеру жұмыстарына сәйкес, анықталған фактілер негізінде әкімшілік істер жасақталды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, 312-баның 2-бөлігі бойынша сәулет, қала құрылысы саласындағы ҚР заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және 317-1 бабының 2 бөлігіне сәйкес қозғалып, сот органдарына жолданды,-деді Әлібек Кеңесұлы.
ҚР Әкімшілік Кодексінің 312-бабы бойынша нормативтік талаптарды бұзып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша 3 іс қаралды. Оған 1 225 200 теңге айыппұл салынды. 316-бабының негізінде объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша 5 іс қаралып, 1 408 980 теңге айыппұл салынды. 317, 317-1 баптары негізінде сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде ҚР заңнамасын бұзу бойынша 7 іс қаралып, 2 419 770 теңге көлемінде айыппұл салынған.