Мұсылман жұртының қастерлі айында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы облыс орталығындағы кейбір мекемелер және Маңғыстау Халқы Ассамблясының өкілдерін, Ақтаудағы Түркия Республикасының азаматтарын ауызашарға шақырды. Ақ дастархан басында Бас консул Мұзаффер Ақйылдырым қонақтарға қабыл болсын айтты.
- Рамазан – барша мұсылмандар үшін ынтымақтастықтың, мейірімділіктің, молшылықтың, ораза арқылы, өзін-өзі тәрбиелеудің және сабырлықтың айы, - деді ол. - Осыған орай, Ақтау Түрік азаматтары атынан Бас консулдығымыздың қызмет көрсететін өңірлері болып табылатын Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарындағы түрік азаматтары мен қазақ бауырларымыздың ниеті мен дұғаларын қабыл болуын Рамазан айымен құттықтай отырып, тыныштық пен денсаулық тілеймін. Аллаға сансыз шүкірлер болсын, Рамазан айына орай, Түркия дін қорының қолдауымен Бас консулдығымыз Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында 105 отбасына азық-түлік қораптарын жеткізіп, Бект ата облыстық мешітінде 100 кісілік қазақ бауырларымыз бен бірге ауызашар ұйымдастырды. Бүгін алғаш рет Маңғыстау Халық Ассамблеясының 21 азаматтық қоғам өкілдерін нәсіліне, тіліне және дініне қарамастан ұлттық түрік ауызашар дастарханында бас қосқанымызға қуаныштымын. Қадірлі қонақтар, Қазақстандағы барлық этникалық және дін өкілдерінің басын қоса отырып, әлемде бейбітшілік, төзімділік, өзара сыйластықты қажет ететін бұл күндерде Рамазан айының рухани тыныштығын сіздермен бөлісу үлкен мәртебе. Дәстүрлі түрік ауызашар дастарханымызға сеніміңіз бен нәсілшілдік, кемсітушілік және дінаралық қақтығыстардан азат әлем атынан, дұғамызда бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Түркия Республикасының Президенті, Сыртқы істер министрі және Түрік елінің атынан дос, бауырлас қазақ халқын Рамазан айымен құттықтай отырып, амандық тілеймін.
Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды ұлы мейрам мен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА