Алланың қалауымен, қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облысына ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) шашы жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сүйінші хабарды Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жеткізді.
Алла елшісінің (ﷺ) мүбәрак шашын әуежайдан бас имам Әнуар қажы Ізімбайұлы, өңірдің зиялы қауым өкілдері және жергілікті дін қызметкерлері күтіп алды.
- Алдағы күндері бұл жәдігер қалың жұртшылық пен жамағаттың назарына ұсынылады, - деді бас имам.