Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдардың тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қабылдауға қала әкімінің орынбасары, салаға жауапты бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Жеке қабылдауда тұрғын үй, жұмыссыздық, қала сәулеті, әлеуметтік көмек мәселелері қозғалды.
Бірнеше мәселе сол жерде шешілсе, кейбір мәселенің дұрыс орындалуы қызметкерлерге жүктелді. Мәселелердің оң шешілуін қала басшысы өзі бақылауға алатынын айтты.