«Мәңгілік алау» мемориалының бояуы жаңартылды, тақтайшалар мен әріптер ауыстырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ескерткіштегі тақтайшалар жыл сайын ауыстырылады. Десе де роликпен сырғанайтын жастар оны бұзып, сындырады. Ал жақында ғана олар әріптерді сындырды. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаевтың айтуынша, мемориал мерекеге толығымен дайын, қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Әкімдік ескерткішті сындырып, күл-талқанын шығарған бұзақылардың үстінен бірнеше рет ішкі істер бөліміне хат жолдаған. Бірақ бұзақылар табылмады.
«Жақында 14-15 шағынаудан жағалауындағы балюстер сынған, полиция бөлімінде ештеңе көрінбеді. Біз оны бюджет есебінен толық жөндеуден өткіздік. Осыны істегендерді тауып, жазалау үшін ПД-ға бірнеше рет хат жолдадық, бірақ ешкім табылмады. Вандализм - үлкен мәселе. Урналар, орындықтар, платформалар сынған, ал Мәңгілік алаудың жанында тақтайшалар мен жазулар қирап қалды - олар роликті конькиге секіріп, сындырды», - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.