ҚР Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайдың қаза болуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Бурамбаевтың брифинг кезінде сөйлеген сөзі:
- Өкінішке орай, ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығында орналасқан Әскери госпиталінде әскер қатарына жаңадан шақырылған қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерлерінің жасаған амалдарына қарамастан, жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкүн болмады.
Ең бастысы, біз ұлдарын келмеске жоғалтқан туған туысқандары мен жақындарын соның ішінде ата-аналарын түсінеміз және қайғырып көңіл білдіреміз.
Сонымен қатар, қатардағы жауынгер Калбайдың қаза болуына себепкер болған мән-жағдайларды қоғамның білуі қажет.
Арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында болжамды барлық орын алған жағдайлар толығымен қарастырылады. Қажетті экспертизалар алынды.
Оқиға орнын қарау барысында құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сондай-ақ мәйітке соттық-медициналық сараптауды жүргізуде қаза болғанға дейін жарақаттар мен көгерулер анықталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақыттағы тері қабаттарының өзгеруінің бар болуы соттық-медициналық сараптауды жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты.
Сеніңіздер, тергеудің объективті жүргізілуіне біз де мүдделіміз, себебі барлық сатыдағы командирлер бағынысыт әскери қызметшілердің жалпы өмірі мен денсаулығына ата-аналар мен мемлекет алдында тек қана заң аумағында ғана емес, сонымен қатар моральдік жауапкершілікке тартылады.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырып қалмайды, сарбаздың атан-анасы мен жақындары оқиғадан кейін дереу әскери бөлімге барып, олардың ұлы қызмет атқарған бөлімшедегі тұрмыстық жағдаймен танысты және жағдайды өз көздерімен көрді.
Сіздер білесіздер, Жоғарғы бас қолбасшы Қорғаныс министрлігінің алдында Қарулы Күшетрдің келбетін сапалы өзгерту бойынша жаңа талаптар қойған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әскерлерде әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жұмысты қайта қарау жүргізілуде, онда негізгі күш әскери қызметтің лайықты жағдайын құруға, бағыныстыларына сақтықпен қарауға және қамқор болуға, жеке құрамның кәсібилігін және жеке-тәрбие жұмысын арттыруға бағытталған.
Көп нәрсе қазір уақытта жасалға және жасалуда.
Әрине армияда мәселелер әлі де бар. Бірақ, олардың барлығы шешіледі және әскери қызметті өткерудің қауіпсіздігіне еш ықпал етпейді. Өйткені сарбаздар мен офицерлердің өмірі әрбір командирлер мен бастықтар үшін жоғары құндылық және ең басты бағыт болып табылады.
Қарулы Күштерде 70 мыңнан астам әскери қызметші қызмет атқарады. Бұл едәуір, әртүрлі, ер азаматтардың басымдылығы көп ұжым, бұған қоса олар әрдайым жауынгерлік даярлықпен шұғылданады.
Келесі жағдайларға назар аударғым келеді.
Бірінші. Әлібек Қалбай Құрлық әскерлерінің Оқу орталығы болып табылатын, 30212 әскери бөліміне қызмет атқаруға келген (18 сәуірде). Ол жерден сарбаздар әскери мамандықты игеріп және әскери шеберліктен алғашқы білім алып, 6 ай өткеннен кейін Қарулы Күштердің басқа құрамалары мен бөлімдеріне бөлінеді.
Оқу орталығындағы қызмет «бір шақырылымның» сарбаздары принципі бойынша құралған, яғни бір шақырылымның сарбаздарын оқытып және әскерлерге жібермей, басқа сарбазарды әскерге шақырмайды.
Екінші. Қорғаныс министрі, қаза болған сарбаздың мәйітін ата-анансының тұрғылықты жері Маңғыстау облысына (С.Шапагат а.) оның командирлері жеткізсін деген шешім қабылдады. Олар оқу орталығының бастығы, әскери мектептің бастығы, рота және взвод командирлері.
Үшінші, әскери қызметшінің қаза болуы ісі бойынша тергеуді Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр, олар өз қызметтері бойынша тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді.
Бұл «тексерістің әділ және неғұрлым объективті» жүргізлуі үшін жасалған.
Төртінші. Бұл жағдайды тексеріп, егер анықталса кінәлілерді тауып және жауапкершілікке тарту біз үшін «абырой» болар еді.
Егер қандай да бір заңға қайшы әрекеттер расталатын болса, онда кінәлі адамдар ғана емес, сонымен қатар осы жағдайға жол берген командирлер де жауапкершілікке тартылатынын атап өтемін.
Тексерістің барысы туралы ақпараттың түсуі бойынша біз сіздерді ақпараттандырамыз. Болған қайғылы оқиғаға қатысты түсінікпен қарап, шыдамдылық көрсетіп, әзірге негізсіз баға беруде және комментарий айтуда сабырлық танытуды сұраймыз.