Маңғыстау облысында 3 діни білім орталығының құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетовтың айтуынша, діни білім орталығы Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы және Түпқараған ауданында салынып жатыр
Сондай-ақ былтыр облыс әкімінің білім гранттарының ішінде діни мамандар даярлауға 4 грант бөлінгенін атап өтті. 2021 жылы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне барлығы 22 маңғыстаулық түлек оқуға түсті.