ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биыл сәуір айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөзінің хабарлауынша, Каспий акваториясында 120 браконьерлік қылмыстың жолы кесілген.
«Сондай-ақ, браконьерлерден 54 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар, 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар, 63 дана (1 тонна) итбалықтар табылған. Залал сомасы – 2,3 млрд теңгені құраған», - деп жазылған хабарламада.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Айта кетейік, жалпы шекара кеңістігінде 3 186 ҚР заңнамаларын бұзғандар анықталған. Оның ішінде, шекараны бұзғаны үшін 38 шетел азаматы, бұзуға әрекеттенгені үшін 29 шетел азаматы ұсталған.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынған. Соның ішінде, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары 49 есірткі заттары, 36 ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер), 38 діни-әдеби факті (842 дана), жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын 341 жанар-жағармай материалдары, 3,4 млрд теңгеден астам халықтың тұтынатын тауарлары анықталған.