Маңғыстау облыстық ауруханасы облыс тұрғындарын нейрохирургтың қабылдауына тегін жазылуға шақырады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тегін қабылдау 28 сәуір күні өтеді. Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохируг-дәрігері Думан Мырзабеков жүргізеді.
Бейсенбі күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады. Қабылдауға тегін жазылу үшін 8 777 550 25 26 нөміріне хабарласуыңыз қажет.