Маңғыстау ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаға тапсырыс беруші - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ал бас мердігер — «Antarium Group» ЖШС.
Жоба менеджері Тимур Айтановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда ғимараттың екінші қабаты салынып, құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды.
Бұдан бөлек, биыл Мұнайлы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр.