Ақтауда жасыл желектерді сақтау мақсатында оларға арнайы зерттеу жүргізу үшін Алматыдан арнайы мамандар келді. Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» мамандары қаладағы жасыл желектерге мониторинг жұмыстарын бастап кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында мамандар ағаштардан зиянкестерді жинап алған. Мамандардың айтуынша, зиянкестерге Алматыдағы арнайы зертханада талдау жүргізіледі. Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» орман және жасыл желектерді қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев талдау нәтижесіне сәйкес қала әкімдігіне тиісті ұсыныс берілетіндігін айтты.
Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» орман және жасыл желектерді қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиевтің сөзінше, қаладағы ағаштардың жағдайы мен ассортименті жақсы. Суға және ыстыққа төзімді. Көшеттерге әртүрлі ылғалдық, суды үнемдеу технологияларын енгізу керек. Ол қылқан жапырақты ағаштарға әртүрлі тыңайтқыштарды берген дұрыс екенін айтты.
- Биологиялық және химиялық препараттарды қолдану арқылы зиянкестермен күрес шараларын жасау қажет. Талдау нәтижесіне сәйкес қала әкімдігіне алдағы уақытта жасыл желектерді сақтап қалу үшін қандай препараттарды қолдану керектігі туралы ұсыныс береміз. Себебі жасыл желектің маңызы өте зор. Біз келекшекте ғылым мен өндіріс саласында бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, - деді Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» орман және жасыл желектерді қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев.