© Фото Астрахань облысында түсірілген. Lotosgtrk.ru сайтынан алынды
Кеше түнде Ақтаудан түтін иісі шығып, тұрғындарды мазалаған. Бұл туралы эколог Кирилл Осин әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Экологтың айтуынша, ауа сапасы туралы деректер күкіртсутегінің өте жоғары деңгейін көрсеткен.
- Егер өрт карталарына сенсеңіз, онда Астрахань облысындағы бірнеше ірі ошақты және Теңіздегі үлкен өртті көре аламыз. Түнгі желдің бағыты сол жақтан қалаға қарай болатын. Барлығы қисынды сияқты, бірақ ресми мәлімдемені күтейік.
Өз кезегінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Атырау және Астрахан облыстарындағы әріптестеріне телефон соқты. Ірі өрт болған жоқ, өрт тіркелмеген деген жауап алдық.
Ал астрахандықтар Красные Баррикада ауылында қамыс өртенгенін айтып, оқиғаны видеоға түсірген. Бұл туралы Безформата сайты мәлімдеді.
Аталған сайттың мәліметінше, осыған ұқсас өрт облыстың барлық ауданында бір аптадан бері тіркелген.
"Соның салдарынан Астрахань облысы орталығында бірнеше күннен бері өрт иісі шығып, күлі ұшып тұр. Облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, Икрянин ауданында қамыс өртеніп, оны сөндірген. Дегенмен, өткен тәжірибеге сүйеніп, облыста мұндай төтенше жағдай көктемнің ортасына дейін жалғасады деп болжауға болады", - дедінген ақпаратта.
Сонымен қатар тағы да Астрахань облысы Приволжск ауданы Осыпной Бугор ауылында жалпы ауданы 500 шаршы метр қамыс өртеніп жатқаны мәлім болды. Бұл туралы lotosgtrk.ru сайты деп хабарлаған болатын.
Айта кетейік, қалада өрт иісіне қатысты жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 2021 жылдың қазан айында Ақтауда күйік иісі шыққан. Жергілікті билік, экологтар, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері иістің таралуына қоқыс полигонының жанып жатқаны себеп еткен еді.