Ақтау қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 600 орындық 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Былтыр 6 мектептің құрылысы былтыр басталды. Бұдан бөлек «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы әрқайсысы 1 200 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептер:
33 ш/а 1200 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме - «Еврострой-А» ЖШС.
Рауан елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме - «Құрылыс Инвест Групп» ЖШС.
16 ш/а 1500 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме - «Альянс LTD» ЖШС.
17 ш/а 900 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы құрылысы басталды. Мердігер мекеме - «СМК-Атамекен» ЖШС.
19 ш/а 1200 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме - «АС Құрылыс» ЖШС.
20 ш/а 1500 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Мердігер мекеме - «Оңдасын Строй» ЖШС.
38 ш/а 2000 орындық мектептің құрылысы 2024 жылы басталады.
39 ш/а 2000 орындық мектептің құрылысы 2024 жылы басталады.
Аталған мектептер құрылысының тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
Ал «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы салынатын мектептер:
18 ш/а 1200 орындық мектеп салынуда. Мердігер мекеме - «Еврострой-А» ЖШС.
19А ш/а 1200 орындық мектеп салынуда. Мердігер мекеме - «Оңдасын - Строй» ЖШС.