Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Сол себепті 17 маусым, яғни дүйсенбі – жұмыс күні, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған дейін 17 маусымда демалыс берілетіні туралы хабарланған еді. Өйткені бұл күн Құрбан айт мерекесінің бірінші күні делінген болатын. Алайда, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мереке бір күн бұрын, яғни 16 маусымда басталатынын мәлімдеді.
«2024 жылға арналған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесі жасалған кезде ҚМДБ бізге Құрбан айт 17 маусым болатынын ресми түрде хабарлады. Бұл жұмыс күні болғандықтан, оны демалыс күніне айналдыру жоспарланған болатын. ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымда басталады деп мәлімдеді. Егер діни мерекелер демалыс күндеріне тұспа-тұс келсе, алдағы жұмыс күніне демалыс берілмейді. Сондықтан 17 маусым жұмыс күні болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.