• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстауда экологиялық мәселелер бар

    15 қазан, 09:56  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Маңғыстау облысында мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Маңғыстау облысының экологиялық, энергетикалық проблемалары мен сумен жабдықтау мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында алғашқы көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жиынға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қала және аудан әкімдері, барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат төрағалары мен өңірдегі ірі өндіріс мекемелерінің басшылары қатысты.

    Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысындағы экология, энергетика, сумен жабдықтау тақырыбында мәселе көтеріп, баяндама жасады.

    Отырыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов өңірдегі қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

    Оның айтуынша облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар маселесін шешу мақсатында инвестициялық жоба дайындалуда.

    - «Жасыл Даму» АҚ арқылы қайтарымды қаражат шеңберінде бүгінгі күні 1 кезеңнен 3 жоба оң қорытындысын алды. Аталған жобалардың жүзеге асуы, облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға, қайта өңдеуге, өнім жасауға септігін тигізеді деп жоспарланып отыр. Бұл жобалар 2025 жылы жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, өңірде қоқыс өртеу зауытын құру тетіктері қарастырылуда. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоқыс шығарындыларды есептеу әдістемесін жасақтау үшін білікті сарапшылар мен талдаушыларды тарта отырып, сапалы талдау жүргізу қажет,- деп ұсыныс жасады Ербол Ізбергенов.

    Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Маңғыстау облысындағы экологиялық жағдай туралы мәлімет берді. Ал Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелеріне тоқталды.

    Сонымен қатар, сумен жабдықтау мәселесі бойынша баяндама жасаған Ерболат Ибрайханов климаттық өзгерістер мен суға деген сұраныстың артуы жағдайында су ресурстарын тиімді басқарудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты өңірде бірқатар шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

    Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өз сөзінде облыстағы экологиялық мәселелерді шешу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

    - Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы осындай тығыз байланыс орнағаны көңіл қуантады. Бұл бізге өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді. Маңғыстауда экологиялық мәселелер бар. Біз экологияға зиян келтіретін факторлардың азаюына ерекше мән беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтеміз. Мұнай-газ өндірісі, қалдықтарды басқару, ауаның ластануы, сумен жабдықтау секілді мәселелер біздің алдымызда тұрған басты сын-тегеуріндер болып отыр. Мәселе шешуде бірлесе жұмыс жасайтынымызға сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

    Жиынның сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өзекті мәселелерді қызу талқылады.

    Комитет төрағасы, депутат Еділ Жаңбыршин жиында айтылған барлық ұсыныстардың жүйелі түрде шешілу үшін үкіметке жолданатынын жеткізді.

    Айта кетейік, көшпелі отырыс аясында Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысындағы «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы, су тұщыту зауыттары және басқа да бірқатар табиғи және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

    937
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    109 қызметі тұрғындарға маңызды мәселелер бойынша тәулік бойы қолдау көрсетеді

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда өңдеу өнеркәсібінің көлемі өскен

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4897

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5161

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4794

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4089

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4120

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5059

      Рубрикалар

        Редакция ұжымыЖаңалықтарФотоАНТИКОРСаясатҚарақияҚызық дерекӘлем жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріТүпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      406

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      244

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      212

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      206

      Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті

      27 қазан, 13:00
      846

      Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

      25 қазан, 14:02
      233

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»