Маңғыстаулық тұрғын балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Сотпен анықталғандай,азамат Б. рұқсаты болмаса да «Қаратұран» жерінде Каспий теңізінің жағалауынан балық аулаған.
- Соттың қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді, - деді Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі.