Ұлттық статистикалық бюроның мәліметінше, ел бойынша бір тұрғынға шаққандағы орташа тәуліктік су шығыны 92,5 литрді құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2023 жылы тұтынушыларға жіберілген су көлемі 1 372,8 млн текше метрді құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық.
Оның ішінде халыққа 671,9 млн текше метр, коммуналдық қажеттіліктерге – 176,6 млн текше метр, өндірістік қажеттіліктерге – 372,4 млн текше метр, басқаларына – 151,7 млн текше метр жіберілді.
Су мөлшері Алматы қ. (190 млн текше метр), Қарағанды (153 млн текше метр) және Павлодар облыстарының (121,2 млн текше метр) тұтынушыларына көп жіберілген.
Жалпы ел бойынша бір тұрғынға шаққандағы тәулігіне орташа жіберілген су мөлшері 92,5 литрді құрады — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,2% артық (2022ж. – 88,7 литр).
Бір тұрғынға шаққандағы жіберілген ең жоғары су мөлшер Маңғыстау облысында (тәулігіне 172,1 литр), Шымкент қаласында (156,5 литр) және Павлодар облысында (147,7 литр) байқалды.
Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысында тіркелді (50,3 литр).