Биыл Түркістан облысында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университеті Маңғыстау өңіріне 75 грант бөліп отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тегін оқуға кез-келген түлек құжат тапсыра алады. Грантқа үміткер түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуде география және шет тілі пәнін таңдауы керек, сонымен қатар ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары жинау керек. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша кемінде 5 балл болуы шарт.
- Жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер кейін отандық және шетелдік жетекші компанияларда, әлемдегі ең үздік қонақ үйлерде және жоғары санатты мейрамханаларда жұмыс істей алады. Университет жоғары деңгейдегі теориялық және практикалық білім береді. Франция, Австрия, Түркия, Малайзия, Ресей және Гонконг мемлекетінің университеттерінде қос дипломды бағдарлама бойынша білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар жоғары курс студенттері БҰҰ Дүниежүзілік Халықаралық туристік ұйымында тәжірибесін жетілдіреді. Грант бойынша +7 707 317 43 56; +7 777 649 74 81 нөмірлеріне хабарласуға болады,- деді жоғарғы оқу орнының ректоры Майнюра Мурзамадиева.