Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс Ақтау қалалық сотында қаралатын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тротуарда Катерина Панасянды қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қаралады.
Бұл «Көлік құралдарын жүргізушінің жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Үкім қашан шығарылатыны әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, 2 желтоқсанда Катерина Панасян Ақтаудың 12 шағын ауданындағы тротуарда көлік қағып кеткен еді. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады, бір айдан астам уақыт бойы комада болды. Ал 12 қаңтарда ол ес жимастан қайтыс болды. Бұрын журналист болып жұмыс істеген Катерина танымал аккаунт жүргізіп, ерікті ретінде қайырымдылықпен айналысты. Артында екі жасар қызы қалды.