Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда БАҚ пен журналистердің әлеуетін кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдағы бес жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасында қарастырылған.
Сондай-ақ, Тұжырымдамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту және осындай фактілер туралы хабарлайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда министрлер мен әкімдердің рейтингтік бағасы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың Ұлттық индексін енгізуді ұсынды. Бұл белгілі бір дәрежеде халықаралық рейтингтерге тәуелділікті төмендете отырып, икемді әрекет етуге және уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар да қарастырылған.