Елімізде төтенше жағдай жарияланған және Интернет желісінің болмаған кезеңінде кәсіпкерлер онлайн бақылау касса машинасының фискалды чегінің орнына тауар чегін бере алады.
Еске сала кетейік, электр энергиясы болмағанда немесе бақылау-касса машинасы бұзылғанда, сонымен қатар фискалды деректер операторы ұсынатын телекоммуникация жүйесі арқылы онлайн бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкін болмағанда тауар чегі беріледі.