Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!
Бүгінгі күні облысымызда тұрақты жағдай сақталуда, қалалық объектілер мен қызметтер штаттық режимде жұмыс істеуде.
Азаматтардан енгізілген төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және сақтау бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.
Өз сөздеріммен келесідей түсіндірмелер беретін боламын.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында біз облыс бойынша 8 блок-бекет, оның ішінде
Ақтау қаласы бойынша – 5 бекет қойдық:
1. Ақтау қаласы - Құрық кенті автожолы, "Демалыс базасы" қиылысы;
2. Ақтау қаласы-Жетібай кенті автожолы , "Нұржан" кафесі;
3. Баянды-Емір автожолы;
4. Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43 шақырымы;
5. "Ивушка" демалыс базасының қиылысы;
6. Жаңаөзен қаласы бойынша - 3 блок-бекет, Жаңаөзен қаласы-Жетібай кенті автожолы, Қарамандыбас қиылысы, 35-ші шақырымында;
7. Жаңаөзен қаласы - Қызылсай кенті автожолының 3-ші шақырымында;
8. Жаңаөзен қаласы-Құланды кенті автожолының 5-ші шақырымында.
Коменданттық сағат түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 07.00-ге дейін елді мекендерде күшейтілген автопатруль нарядтарымен қамтамасыз етіледі.
Күндізгі уақытта тәртіп сақшылары тұрғындар арасынан еріктілерді тарта отырып, көшелерді патрульдейтін болады.
Коменданттық сағат ішінде көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда немесе тұрғын үйден тыс жерлерде болуға, сондай-ақ автокөліктің жүруіне рұқсат беретін қағазды алу бойынша, Ақтау қаласы, 12 ш/а 80-ші ғимарат, Маңғыстау облысы Полиция департаменті мекен-жайы бойынша орналасқан Маңғыстау облысы комендатурасына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.
Өтініште міндетті түрде көрсетілуі қажет мәліметтер: толық сауалнамалық деректер, автокөлік бар болса ,ол туралы мәліметтер, коменданттық сағат ішінде жүріп-тұру қажеттілігінің негіздемесі, сондай-ақ кез-келген уақытта сізбен байланысуға болатын телефон нөмірі.
Рұқсат қағаздар аса қажет болған жағдайда ғана берілетінін ескертемін.
Төтенше жағдай енгізілген кезеңдегі рұқсат қағаздан басқа, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не тұрғынжайдан тыс жерлерде жүрген әрбір тұрғын тәуліктің кез келген уақытында өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты алып жүруге міндетті.
Төтенше жағдай режиміне қатысты сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша 109 нөмірі бойынша колл-центрге хабарласа аласыз.
Біздің міндетіміз – облыс тұрғындары өздерінің қауіпсіз екендігін сезінетіндей және төтенше жағдайдың енгізілген режиміне қатысты мәселелерін шешуге көмек көрсету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтынымызды білдіретіндей азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау.
Сонымен қатар, сіздерге ескерткім келеді, қазір республика бойынша терроризмге қарсы операция жүргізілуде.
Оның еліміздің басқа өңірлерінде өткізілуін ескере отырып, қару қолданылмаған бейбіт және тыныш өңірлерге, оның ішінде Маңғыстау облысына деструктивті элементтер енуі ықтимал.
Біздің облыста әуежайға және Полиция департаменті ғимаратына шабуыл жасау, сондай-ақ колоннаны басып алу кезінде құқық қорғау органдарының қару қолдану ықтималдығы жоғары болды. Қарулы қақтығыс пен қантөгісті болдырмау үшін біз бұған жол бермедік.
Алайда, шабуыл кезінде қару қолдануға рұқсат етілген Президенттің тікелей бұйрығы бар. Сіздерден араңдатушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймын.
Біз Сіздерге, біздің аймақтың тұрғындарына сенеміз. Барлығы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүдделі.
Сіз байқаған барлық күдікті адамдар мен мемлекеттік нөмірі жоқ автокөліктер туралы, басқа өңірлер мен елдерді ескере отырып, 102 байланыс нөмірі арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Біз бірге болсақ қана басқа өңірлерде орын алған жағдайларға жол бермейміз деп біздің облысымыздың барлық тұрғындарына үндеу жолдағым келеді.
Маңғыстау облысы коменданты Бақтыбаев Жанарбек