© Сайт архивінен
Құрметті маңғыстаулықтар!
Қазіргі таңда облыстағы жағдай тұрақты. Автомобиль, темір жол және әуе қатынастары қалыпты жағдайда қызмет атқаруда. Мемлекеттік органдар халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай және басқа да заттарды уақытылы, тиісті мөлшерде жеткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Коммуналдық мекемелер мен барлық өндірістік орындар тұрақты жұмыс істеуде.
2-3 күннің ішінде мемлекеттің мүлкіне, әскерилердің мүлкіне қол сұғып, замқымдау фактілерінің орын алғанын біз жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, халықтың қолдауының арқасында, тұрғындардың түсіністік танытуының арқасында біз ешқандай оқыс оқиғаларға орын берген жоқпыз.
Сондықтан ардақты ағайын, қолдау көрсетіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сабыр мен түсіністік танытқандарыңыз үшін өз атымнан алғыс айтамын. Әрі қарай да осы жағдайды тұрақтандыру мәселелерінде бірге болатынымызға сенімдімін.
Қазіргі таңда барлық медициналық мекемелер жұмыс істеп жатыр. Алайда, көңіл аударатын бір жайт бар. Бұл коронавирус инфекциясының таралуының күрт өсіп кетуі. Мәселен, 2-ші қаңтар күні 3 адам індет жұқтырған болса, қазіргі таңда күн сайын 25 адам қауіпті індетті жұқтырып отыр. Бүгінгі күні өңірде 130 адам коронавируспен ауырып жатыр. Біз өз тарапымыздан осы індет болсын, басқа да аурулармен ауырған жағдайда қажат емдеу шараларын ұйымдастыруға барлық мүмкіншіліктеріміз бар екенін қаперіңізге береміз. Емдеу орындары қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл шаралар облыс орталығында, Жаңаөзен қаласында және барлық аудандарда яғни бүкіл Маңғыстау облысында жасалған.
Қазіргі тұрақтылық жағдайында өзіміздің күнделікті тұрмыс жағдайымызды жүргізе беріп, ағайын тумамен араласып, өз орталарыңыздың толып жүруіне тілек білдіремін.