Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда наурыз айының аяғынан мамыр айының басына дейін Үстірт арқарының жаппай төлдеуі жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Төлдеу маусымында жабайы жануарларға ерекше тыныштық қажет. Сол себепті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік инспекторлар арқарлардың тыныштығын бақылап, олардың шың жиегіне жақындамауын, көлік құралдары басқа да дыбысты қатты заттар естілмеуін, дрон ұшырылмауын, үркітпеу сынды сақтық шараларын күндіз-түні жүргізіп отыр”, - деп хабарлайды табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
Жасалып жатқан бұл қорғау шаралары арқарлардың төлдері әбден аяқтанып, енесімен су көздеріне еріп келетін кезге дейін күшейтілген түрде жүргізіледі.