
Комиссияның жұмыс органы – «Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Конкурстың жеңімпаздарына қойылатын негізгі талаптар:
1) сауда орындарын 1 жыл мерзімде өз қаражаты есебінен күтіп ұстау;
2) сауда орындарының айналасындағы аумақта санитариялық тазалықты қамтамасыз ету;
3) қызметін жүзеге асыруда ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 7 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығында көзделген ережелер мен шектеулерді сақтау.
Стационарлық емес сауда объектілеріне орындар «Самал» демалыс орнына кіреберісі, «Шерқала» демалыс орнына кіреберісі, «Көгез» демалыс орнының 12 шақырымы, «Айрақты» тауының 19 шақырымы, «Торыш» Шайыр ауылына кіреберіс автомобиль жолының 6 шақырымы (автомобиль жолының сол жағы), «Ақмыш» демалыс орнының 21 шақырымы және тағы басқа туристік аймақтарының жанынан бөлінеді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын:
Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Қызмет көрсету орталығы».
Өтінімдерді ұсыну мерзімі -
2024 жылдың наурыз айының 15-нен мамыр айының 15-ші жұлдызы аралығында.
Маңғыстау ауданында орналаскан стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын пайдалануға рұқсат алуға арналған конкурсқа қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілері өтінішке мынадай құжаттарды қоса беруі қажет:
1) кәсіпкерлік субъектісі бар жеке тұлғаның жеке куәлігі (көшірмесі);
2) шаруа қожалығы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерлікті растайтын субъектінің куәлігі (көшірмесі);
3) кәсіпкерлік субьектісінің, шаруа қожалығының, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкерліктің салық органында берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама (түпнұсқа).
Конкурстың мақсаты: Маңғыстау ауданында орнатылатын стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын пайдалануға рұқсат беру.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтініш пен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Байланыс телефоны: 8/72931/22155, 87712696022;
Керсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.