Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 16 автобус аялдамасында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коммуналдық сала қызметкерлері орталық автомобиль жолдарындағы әлеуметтік автобус аялдамаларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізген.
Атап айтқанда, №3 автомобиль жолында 5, №7 автомобиль жолында 3, №18 автомобиль жолында 3, №24 автомобиль жолында 5 аялдама және жаяу жүргіншілер маңындағы муляждар жуылған.