Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, 12-17 жастағы жасөспірімдер 286, бала емізетін әйелдер 145, жүкті әйелдер 49 құрайды.
- Елімізде ревакцинация 22 қарашада басталды. Облысқа 35 100 доза «Pfizer» вакцинасы келді. Қазіргі уақытта 480 дозасы егілді. Алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакцинациядан өтеді. Олар медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері. Облыс бойынша «Нейрон» ЖШС, АҚЕ №1, АҚЕ №2 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Асқар Сағымбаев.
Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев қатысты. Оның айтуынша, 22-28 қараша аралығында короновирус инфекциясының 36 жағдайы тіркелді.
- Тіркелген 36 жағдайдың шағыммен – 24, шағымсыз – 12 құрады. 36 жағдайды жас бойынша талдасақ. 14 жасқа дейін- 3 жағдай, 15-17 жас - 3, 20-29 жас - 7, 30-39 жас - 6, 40-49 жас - 3, 50-59 жас - 5, 60 жас және жоғарылар – 9 жағдай. Өңір жасыл аймақта болғанымен босауңсуға болмайды, - деді Ғазиз Надуев.