Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Арман Теңел мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, өрттерде 16 адам құтқарылып, 424 адам эвакуацияланды.
- Өрттің ең көп саны объектілерде болды. Тұрғын үй секторында 104 жағдай, көлік құралдарында 73 жағдай тіркелді. Өңір бойынша автономды жылыту жүйесімен 56 мың 515 жеке тұрғын үй қамтылған. 260 мыңнан астам азаматқа нұсқаулық берілді. Халық арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар уақытылы жүргізілуде -, деді Арман Теңел.
Спикердің айтуынша жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұратын 3 707 тұрғын үй есепке алынып, 3 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді.
- Сонымен қатар, жылыту маусымы кезеңінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында табиғи және улы газ талдағыштарының датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Осылайша жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2 230 бірлік газ талдағыштар тұрғын үйлерге орнатылды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені жалғасуда -, деді Арман Теңел.