Ақтауда ең ірі саябақ салынып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
40 шағынауданда орналасқан саябақтың аумағы - 23 гектар. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, серуендеу аймақтары болады. Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқақ, балалар ойын алаңдары, жүгіру және велосипед жолдары да орнатылады.
Саябақтың құрылысы инвестор қаражаты есебінен тұрғызылуда.
Қазіргі таңда саябақ аумағына топырақ төсеу, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Ең бастысы саябақтағы жасыл-желектерді суару үшін жерасты сулары, ал, жарықтандыру үшін күн сәулесі пайдаланылады. Яғни, қала бойынша инженерлік және электр желілеріне ешқандай салмақ түспейді, - дейді мердігер мекеме басшысы Сұңғат Мұңалбаев.
Құрылысы 2023 толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал саябақты күтіп-ұстау жұмыстарына да мердігер мекеме жауапты болмақ.