Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, 4-10 қараша аралығында коронавирус инфекциясының 52 жағдайы тіркелсе, соңғы аптада бұл көрсеткіш 3 жағдайға өсіп отыр.
- Тіркелген 55 жағдайдың 35-і шағыммен, 20-ы шағымсыз. Жас бойынша талдасақ, 14 жасқа дейін 4, 15-17 жас аралығында 1, 18-19 жас 3, 20-29 жас - 4 30-39 жас -12, 40-49 жас- 12, 50-59 жас- 7, 60 жас және одан жоғары жастағылардың арасында 12 жағдай анықталды. 55 науқастың 14-і тығыз қарым-қатынаста болған, 28-і өздігінен қаралды. Ал профилактикалық мақсатта 13 науқас тіркелді, - деді Ғазиз Надуев.
Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Баянбердиева қатысты. Оның мәліметінше, өңірдегі ревакцинация қараша айының соңында басталады.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау баяндалған болатын. Ең алдымен ревакцинация медицина мамандарына, педагогтерге, полиция қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне жүргізіледі, - деді Айгүл Баянбердиева.