Ертең "Мұнайшы" мәдениет үйінде "Болашағы жарқын - Маңғыстау жастары" атты жастар форумы өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Форумға спикер ретінде Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, "Каспий" баскетбол клубының жетекшісі Самсон Аракелян, актер, продюсер, вайнер Айдар Каримбаев және аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан чемпионы Шыңғыс Қайранов қатысады. Ал модератор облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов болады.