Жақында Ақтау қаласындағы №9 және №28 мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті кабинет ашылды. Қос кабинетті балалардың игілігіне беруге NCOC компаниясы қаржылай қолдау көрсетті.
Бұл инклюзивті кабинеттерде жалпы сабақтар, жеке сабақтар, сенсорлық жеңілдету және мұғалім бұрышы бар. Барлығы да арнайы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Осылайша төрт аймақты қамтыған кабинеттерде кез келген баланы дамыту үшін әр түрлі атмосфера мен жағдайлар жасалды.
Кабинеттер 1 қыркүйектен бастап пайдалануға берілді. Қызметкерлер мен ерекше балалардың ата-аналарының айтуынша, бүгінде балалардың бойында біраз оң өзгерістер байқалады. Арнайы кабинеттердің пайдасын көретін балалардың денсаулығы келешекте жақсарып, қалыпқа келеді деген үміт бар.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА