© Суретті түсірген Талант Құсайын
Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қалалық әкімдікте өткен аппараттық жиында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, саябақтың қазіргі жағдайы қала тұрғындарының сұранысына сай емес. Мәселені шешу үшін жүйелі шаралар қолдану қажет.
Қала әкімі қыркүйек айының соңына дейін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орындықтарды, шағын сәулет нысандарды қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.
«Облыс басшылығының бақылауында тұрған мәселеге қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары мен құрылымдық бөлім басшылары толықтай жауапты. Сондай-ақ, бұл мәселені шешу үшін бізге нәтижелі шешімдер қабылдау қажет. Саябақты сенімді басқаруға беру керек. Кәсіпкер сервистік қызметтер арқылы табыс тауып, осылайша саябақтың жағдайын оңтайландыру үшін жұмыстанады. Жергілікті бірнеше кәсіпкер мұнымен айналысуға дайын, біз байқау жариялап, "Ақбота"саябағын дамыту мен күтіп ұстаудың үздік жоспарын ұсынатын адамды таңдаймыз. Қала тұрғындары үшін саябаққа кіру тегін болады», - деді Н. Қилыбай.