«Боранқұл» кен орнында өрт салдарынан қайтыс болған мұнайшылардың отбасына 5 млн теңгеден төленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС Боранқұл кен орнында өрт салдарынан қайтыс болған екі жұмыскердің отбасына материалдық көмек ретінде 5 млн теңге төледі. Сонымен қатар, компания өзінің ішкі құжаттарына және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де материалдық көмек көрсетті. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталып жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС марқұмдардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 қыркүйекте Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып 2 адам қайтыс болып, 2 адам ауруханаға түскен болатын.