Кеше Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының жаңа XIX маусымы "Құнанбай мен Абай" қойылымымен ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Құнанбай мен Абай» пьесасы Есенғали Раушановтың драматурия саласындағы алғашқы туындысы. Қойылымда Құнанбайдың қайраткерлігі, ақылдылығы мен көрегенділігі көрсетілді. Ал театр әртістері әке мен бала арасындағы байланысты, екі кейіпкер арасындағы жылулықты сипаттады.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні "Бернарда Альбаның үйі" қойылымының тұсаукесері өтеді. Қоюшы режиссері - Сергей Потапов. Өткен жұмада аталған қойылымның алдын ала көрсетілімі өтті.