Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы Жетібай ауылында басталған үшқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір тұрғын үйдің құжаттары рәсімделіп, қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жоба құны 1 520,279 млрд теңге. Құрылысты "Оңдасын Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Тұрғын үйдің жалпы аумағы 7800 шаршы метрді құрайды. Үй заң талаптарына сәйкес кезекте тұрған 352 адамға реттілік бойынша беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтарға, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне, "Батыр ана" атағын алғандарға, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордені бар көпбалалы аналар мен отбасыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді», - деді Қарақия ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин.