Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді.
Әсіресе халықтың көңілінде жүрген, жұртты толғандырған барлық мәселеге жауап айтылды деп ойлаймын.
Президенттің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешімі мыңдаған тұрғынға қуаныш сыйлады. «Астрахань-Маңғыстау» магистралды су құбыры жаңғыртылып, Кендірлі жерінде су тұщытатын жаңа зауыт салынатын болғаны – Қарақия ауданы үшін де зор мүмкіндік. Бұл жоба – Жетібай, Мұнайшы ауылдары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтуды толық шешетін болады. Сондай-ақ Президент ветеринария саласын жетілдіру қажеттігін айтты. Мұның барлығы өңірдегі қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға оң әсерін берері сөзсіз.
Отандық ІТ-секторын дамытудың маңыздылығы мен цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаға баса мән берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы вакцинация мәселесіне ерекше тоқталды. Отандық вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екенін айтты.
Жолдауда айтылған әр сөз – біздің алдағы атқаратын істеріміздің бағыты. Сондықтан барша жерлестерімді Жолдауға қолдау білдіруге, биік белестерді бірге бағындыруға шақырамын!
Қ.БЕКОВ,
Қарақия ауданының әкімі