ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша 25 шілдеде тұңғыш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді». 14 шілде күні сағат 18.00-де сайлаушылармен тікелей өзара қарым-қатынас жасауға жол ашатын үгіт- насихат науқанын бастады. Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша, бұл шара 24 шілде сағат 0.00-ге дейін жалғасады.
Түпқараған ауданында ұсыну мерзіміне сай сайлау округі бойынша 4 адам ұсынылды. Олардың екеуі өзін-өзі ұсыну жолымен тіркелсе, қалған екеуі саяси партиялардан. Яғни, «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan halyk partiasy» атынан үміткер.
Кандидаттардың ең жасы 29-да болса, ең үлкені 40 жаста. Бұл саяси дода іскерлігін көрсеткісі келетін жандар үшін үлкен мүмкіндік. Сайлауға ауыл тұрғындарын белсене атсалысып, дауыс беруге шақырамын. Себебі тұрғындар өз әкімін танып, көкейде жүрген мәселелерін жеткізе білуі керек. Алдағы сайлау халық пен билік аражігін бекітер, ашық саяси процеске ықпал етеріне сенім мол. Әкімдерді сайлау ең алдымен осы елді мекендер тұрғындарының мүддесі үшін өткізіледі. Тұрғындар мәселенің не себепті шешілмей жатқандын, қандай жұмыстар атқарылғанын, алға қойылған жоспарлардан құлағдар болғаны жөн деп ойлаймын.
Светлана Жулдасова,
«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары