Облыстағы «Ақтау-Жаңаөзен» автожолына әскери ұшақ қонды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әскери ұшақ «Алтын жебе» оқу-жаттығу аясында жолға қондырылды. Жаттығу барысында қауіпсіздік шаралары ескерілгеннен кейін, ұшақты қондыру амалдары жасалды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.