• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Диагнозды дөп қою - дертке дауа

16 маусым, 11:43  |  Маңғыстау жаңалықтары

Сапалы өмір сүру үшін өз денсаулығыңды күтіп, жауапкершілік таныту, ауру белгілері анықталған бойда, кәсіби маман кеңесіне жүгіну аса маңызды. Дерт дендегенде ғана дәрігер іздеу диагнозды дәл қоюға кедергі келтірмек, әрі ағзадағы күрделі биохимиялық үдерістердің тепе-теңдігін теңселтеді. Бұл өз кезегінде өзге дертті қоса жамауына септесіп, ағзаның ішкі мүшелеріне ауыр салмақ салады. Сол себепті диагнозды дөп қою, әрі нақты, мағлұматы бай, ұғынықты кеңес беру жұмысы жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс. Маңғыстау облыстық ауруханасының консультативті-диагностикалау емханасы осы бағыттағы қызметін нәтижелі іске асырып келеді. Аталған ұйым директорының орынбасары Фаина Орынбасарова емхананың бүгінгі тыныс-тірлігі турасында мәлімет берді.

«Облыстық аурухана негізінде бой көтерген емхана 2000 жылдан бері тұрғындарға қызмет етіп келеді. Емхана қызметін ұйымдастырудағы басты мақсат кәсіби мамандар тапшы тұста облыс, әсіресе ауылдар мен елді мекендер тұрғындарына көмек қолын созу болатын. Қазіргі таңда өңір халқына тиімді технологияларды қолдану арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін емханада 25 тәжірибелі, жоғары білікті дәрігер қызмет етеді. Медицина мамандарының басты қызмет бағыты – кәсіби кеңес беру, ота жасау немесе тұрақты емдеу үшін ауруханға жатқызуға жолдама даярлау, сондай-ақ қажеттілік туындаса науқастың республикалық орталықтарда толықтай тексерістен өту және емделу мүмкіндіктерін қарастырып, іс-құжаттарды жасақтау. Қазіргі таңда емхана дәрігерлері өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, көп алғысына бөленіп жүр деуге толықтай негіз бар. Біздің емханада есімдері облыс халқына етене таныс Талғат Мұқантаев – хирург, Гельман және Борис Чагай – нейрохирургтар, Масат Шопан – кардиолог, Гүлжан Қиынова – пульмонолог, Есет Шахатбаев – травмотолог, Полина Молдашева – гастроэнтеролог, Роза Өтепова – инфекционист-гепатолог сынды дәрігерлер қызмет етеді. Сондай-ақ интервенциялық кардиохирург Асылбек Анетов, нейрохирург Думан Мырзабеков, жүрек-қан тамырлары хирургі Ернұр Ордабаев, ортопед Жәнібек Түймебаев секілді облыс бойынша жалғыз кәсіби дәрігерлер біздің ұжымда еңбек етеді. Әрине бұл біз үшін үлкен мақтаныш»,-деп атап өтті емхана директорының орынбасары Фаина Мақсұтқызы.

Сондай-ақ ол маусымның үшінші жексенбісі тойланатын медицина қызметкерлері күніне орай өз тілегін білдірді:

«Дәрігер бойынан даналық пен ізгі адамгершілік қасиет әркез табылуы тиіс. Мейірбан, ақылы-ойы кемел жан ғана адам өмірі мен денсаулығының баға жетпес құндылығын терең бағамдай алады. Мен облыстың денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етіп жүрген барлық әріптестерімді, Маңғыстау облыстық ауруханасы ұжымын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы деніңіз сау, абыройыңыз биік болсын! Кәсіби өрлеу, көшбасшы ұрпақ тілеймін!».

Голрох Жеменей

282
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мәжіліс депутаты малдың қырылуын тоқтатуға қатысты ұсыныс білдірді

Келесі жаңалық

Теңіз жаяу әскерлері дене шынықтыру даярлығынан сынақ тапсырды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Редакция туралыРедакция ұжымыРедакцияТүпқарағанРедакция газеттеріФотоСаясатEXPO - 2017ХабарландыруБайланыс мәліметтеріЖаңаөзен - 50 жылТағайындау

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

    Бүгін 18:38
    35

    Коронавирустан жазылғаннан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіруге болады

    Бүгін 15:21
    55

    Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Бүгін 12:53
    54

    Коронавирус екпесінің екі дозасын салдыру не үшін қажет - дәрігер түсіндірді

    Бүгін 11:24
    65

    Облыста кеше 179 адам коронавирустан емделіп шықты

    Бүгін 11:15
    66

    Құрықта тойхана жабылып, орнына шағын маркет ашылды

    Кеше 20:57
    208

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»