Маңғыстау облысы мен Атырау облысының арасына (нақтырақ Боранқұл ауылының шыға берісіне) санитарлық бекет қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бекет Атырау облысының қызыл аймаққа енуіне байланысты, Маңғыстау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №43-БСДҚ «Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» қаулысына сәйкес қойылды.
Бекеттен жүк көліктер мен қызметтік көліктердің (ПЦР анықтамасы болса) өтуіне рұқсат етілген. Басқа себептермен өтуге жол берілмейді.