Барша маңғыстаулықтарды Қазақстанның Ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бауырлас түрікмен халқының ыстық ықыласын танытамын.
Әр халық үшін тәуелсіздік – ең қасиетті де қымбат мұра, зор бақыт. Осы асыл мұраны берік сақтау, ұлы мақсаттар мен армандарға жету ұрпақтар үшін жауапты іс.
Отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан тұрақты және қарқынды дамып, толағай табыстарға жетуде. Бауырлас Түрікменстан елі рухы асқақ, тұғыры биік Қазақстан елінің жетістіктеріне қолдау көрсете отырып, тату көршілестік қарым-қатынастардың нығая түсуіне ерекше мән береді.
Жыл өткен сайын екі елдің тығыз ынтымақтастықтығы одан әрі дамып, арта түсуде. Бүгінгі таңда бірлесіп жасаған істің берекесі мол деген ұстаныммен жүзеге асқан бірнеше табысты екіжақты жобалар осының айқын көрінісі.
Осындай мерейлі мереке қарсаңында Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мәңгілік болсын дей отырып, әр отбасына амандық, мол бақыт, баянды ғұмыр тілеймін.
Құрметпен, Түрікменстанның Ақтау қаласындағы Консулы Овезов Мұхамметнұр