Маңғыстау облысында 19 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 75 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 75 науқастың ішінде 7 адамнан коронавирус анықталған.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 75 адам, жағдайы ауыр халде 9 науқас, өте ауыр хәлде 1 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп болып отыр.
Бүгінде аймақтық оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі - 22 пайыз.
Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ реанимациялық төсек саны - 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.