Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Маңғыстау облысының ғылыми-әдістемелік, кино және мәдени қызмет көрсету орталығы Қазақ вальсінің королі Қазақстанның Халық артісі, Қазақстан Республикасының Гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Әлдилейді әніменен әжелер» облыстық әншілер онлайн-конкурсын өткізеді.
Байқаудың мақсаты:
- Зейнет жасындағы азаматтарды мәдени өмір саласына тарту арқылы қоғаммен ықпалдасуларын ынталандыру;
- Ш. Қалдаяқовтың ән мұрасын ел арасында кеңінен тарату арқылы қазақ өнерінің өрістеуіне қосқан үлесін келешек ұрпаққа насихаттау.
- Ш. Қалдаяқовтың және халық әндері арқылы вокал жанрына қызығушылығын арттыру.
Байқаудың шарты:
- Орындауға ұсынылатын шығармалар:
1. Ш.Қалдаяқовтың әні (өз қалаулары бойынша).
2. Халық әні (өз қалаулары бойынша);
Ескерту:
(фортепиано, рояль-аспабында, баян) орындауға шарт;
(монтаж, кадрларды желімделмеген, аудиожолдарды салу элементінсіз) жіберілуі міндетті;
1) ұжымның конкурсқа өтінімі:
2) байқауға қатысатын әннің бейне жазбасы
Конкурсты қорытындылау
Конкурсты бағалап, қорытындысын шығару үшін облысқа танымал коғам және өнер қайраткерлерінен Қазылар алқасы жасақталып, Ұйымдастыру комитеті арқылы бекітіледі. Қазылар алқасы бағалау барысында ең алдымен қатысушының орындау шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне назар аударады. Қазылардың шешімі өзгермейді және талқыланбайды.
Үздік орындаушылар диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Жеңімпаздар есімдері Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, кино және мәдени қызмет көрсету орталығының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі бетшелерінде:
https://www.facebook.com/gkkp.onmc
https://www.instagram.com/onmc_aqtau/
https://www.youtube.com жарияланады.
Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар конкурс қорытындыланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылады/жолданады.
Байланыс телефондары: 52-64-69, 50-74-10.