Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облысының ғылыми-әдістемелік, кино және мәдени қызмет көрсету орталығы «Батамен ел көгерер» батагөй ақсақалдар онлайн-байқауын өткізеді.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- Халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру;
- Этномәдени дәстүрлерімізді жаңғырту, насихаттау арқылы ұлттық болмысымызды бекемдеу;
- Қоғамда ақсақалдар институтының рөлін күшейту;
- Жас ұрпаққа халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрін сіңіру.
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ:
- Байқауға қала, аудандардан мәдениет бөлімдерінің жолдамасымен жасы 60-тан жоғары талапкерлер қатыса алады;
- Байқауға қатысушылар ұсынылған тақырыпта бата беріп, олардың бейнежазбасын ұйымдастырушыларға жолдайды;
Батагөй ақасақалдарға қойылатын талаптар:
- Батаны мүдірмей беруі қажет;
- Қағазға қарауға тиым салынады.
- Орындалуы тиіс бата түрлері:
1) Дастархан батасы;
2) Ел амандығын тілеген бата;
- Қатысушылар конкурс бағдарламасындағы бата түрлерінұлттық нақыштағы киіммен орындауы, олардың бейнетүсірілімін жолдайды;
- конкурстық материалдар (қатысушының құжаты, қатысу туралы өтінімі және бейнежазбалары) 2020 жылғы 16 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін gkkp_onmc@mail.ruэлектрондықпоштасына жолдануы тиіс.
- Белгіленген уақыттан кеш жіберілген материалдар қабылданбайды;
- Конкурсқа бейнематериал жолдай отырып, қатысушы ұйымдастырушының талап-шарттарын мақұлдап, өзінің бейнежазбасын көпшілікке көрсетуге келісім бергенін растайды.
КОНКУРСТЫҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1.Түсірілім бір орыннан толықтай үзіліссіз, дірілсіз жүргізіліп, бейнематериал монтажсыз, қосалқы дыбыс-дауыссыз ұсынылады.
2.Шығармалардың әрқайсысы жеке-жеке түсіріліп, дербес бейнематериал ретінде жіберіледі.
3. Әр бейнематериалдың ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы тиіс.
4. Бейнежазбаларда орындаушының денесі тұтас көрініп тұруы керек.
5. Түсірілімге кәсіби бейнекамераны немесе смартфонды қолдануға болады. Ең бастысы, бейнематериалдың сапасы жоғары болуы тиіс. Сапасы төмен бейнежазбалар қабылданбайды.
6. Бейнефайлдар кез келген форматта қабылданады.
7.Конкурстық бейнематериалдар ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі платформаларына орналастырылады.
КОНКУРСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Конкурсты бағалап, қорытындысын шығару үшін облысқа танымал коғам және өнер қайраткерлерінен Қазылар алқасы жасақталып, Ұйымдастыру комитеті арқылы бекітіледі.
Қазылар алқасы бағалау барысында ең алдымен қатысушының орындау шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне назар аударады.
Қазылардың шешімі өзгермейді және талқыланбайды. Қажет жағдайларда қазылар алқасы бір жүлдені бірнеше жеңімпазға бөліп беруге құқылы.
Үздік орындаушылар диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Жеңімпаздар есімдеріМаңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік, кино
және мәдени қызмет көрсету орталығының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі бетшелерінде:
https://www.facebook.com/gkkp.onmc
https://www.instagram.com/onmc_aqtau/
https://www.youtube.com жарияланады.
Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар конкурс қорытындыланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылады/жолданады.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
- Қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің өтінімі;
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Шағын өмірбаян;
- Байланыс телефондары.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 52-64-69, 50-74-10, +77782778513