Әр жыл сайын киелі Маңғыстау жеріне еліміздің барлық облыс орталықтарының сарбаздары өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін келіп, қызметі аяқталған соң үйлеріне қайтып жатады. Міне, бүгін де осы дәстүр қайталанып, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты шекара басқармалары мен дивизиондарының саптық алаңдарында мерзімді әскери қызметкерлерін аяқтаған сарбаздарды үйлеріне шығарып салуға арналған салтанатты митингтер өткізілді.
Ағымдағы жылы Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 700-ден астам мерзімді қызметтегі әскери қызметкерді Қазақстан Республикасының қорына шығару жоспарланған.
Олар ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының нағыз патриоты болды. Ол үшін бір жыл бойы терін төккен шекара басқармасы мен дивизондарының бастықтары, жауапты офицерлер мен сержанттар жас сарбаздарды қызметке тарту кезінде және қызмет барысында шекара ісіне үйрету, Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу бойынша жасаған жұмыстардың нәтижесі.
Олар осы мерзімді әскери қызметкерлердің қатысуымен контрабандалық тауарлар, шекара және шекара режимін бұзушылар ұсталып, мемлекеттік шекараны күзету ісіне зор үлес қосты.
Департаменттің Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасының «Болашақ», «Дала» шекара бөлімшелері және Бейнеу ауданы бойынша шекара басқармасының «Құланды» шекара бөлімшесінің аумағында орналасқан «Возрождение» аралында мемлекеттік шекараны инженерлік тұрғыдан бекіту, шекара бөлімшелерінің аумағын қоршау мақсатында айналдыра дуал соғылып, жол салу жұмыстары мерзімді әскери қызметкерлердің күшімен жасалғандығын ескере кеткен жөн.
Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесін ескерген басшылық мерзімді әскери қызметкерлерді үйлеріне қайтар шақта 500-ге жуық сарбаз Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының құқығымен 2 дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төс белгісімен, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының құқығымен «Ефрейтор» әскери шені және «Мақтау қағазымен» марапатталды. Сонымен қатар, сарбаздардың ата-аналарына «Алғыс хат» жолданды.
Мерзімді әскери қызметкерлердің марапаттарын ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы полковник А. Каюпов орынбасарларымен бірге бағынышыты шекара бөлімшелеріне шығу барысында салтанатты іс-шара барысында табыстап, мерзімді әскери қызметкерлерге жылы лебізін білдіріп, болашақ өмірлеріне ақ жол тілеп шығарып салды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ