Ақтау қалалық прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында арналған бизнесті қорғау жөніндегі жол картасы шеңберінде кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Мобильдік топ құрылып, қала аумағында 3 билборд жарнамаланды.
Мобильдік топтың міндеті – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және бизнеске кедергі келтіру туралы өтініштер мен қоңырауларға жедел әрекет ету. Мысалы, қала көлеміндегі кейбір кәсіпорындармен сатып алу саласында жасақталған келісім шарттардың міндеттемелері орындалмай келетіндігі анықталды. Осыған орай, қала прокуратурасымен ұсынулар енгізіліп, нәтижесінде 204 кәсіпкерлік субъектіге тиесілі қаражаттары өндірілді. Одан бөлек, қала көлемінде ғимараттарды жалға беру кезінде бірқатар заңсыздықтар анықталды.
Атап айтқанда, келісім-шарт негізінде жеке кәсіпкер «Е» арасында Ақтау қаласында орналасқан мекеме ғимаратынан балаларға арналған киім-кешек дүкенін ашу үшін жалға алған.
Алайда, жалға берушінің тапсырысы бойынша өткен жылдың шілде айында жеке кәсіпкердің дүкенін барлық жағынан пластикалық есіктермен жауып, сауданың өтуіне және алушылардың түпкілікті еркін кіріп-шығуға қол жетімділікті бұғаттаған. Сауданың тоқтауына байланысты жеке кәсіпкер «Е» жалға берушіге ай сайынғы төлемді уақытша тоқтата тұруды өтініп арызданған.
Бірақ, жалға берушімен келісім берілмеуі себепті жеке кәсіпкер дүкенін жауып, шартты бұзып, сол күнге дейінгі (мамыр, маусым және шілде айларына төлеген) жалға алу ақысын толық төлеген. Осылайша, жалға беруші тарапынан жеке кәсіпкердің құқығын бұзып, заңнама талаптарына қарамастан жалға алу ақысын талап еткен.
Нақ осындай заңсыздықтар, басқа да 19 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен аяқталған және бұзылған келісім-шарттарында да жол берілген. Осылайша, қала прокуратурасымен кінәлі қызметкердің тәртіптік жауаптылығы шешіліп, 20 кәсіпкердің құқығы қорғалып, заңсыз төленген сомма кейін қайтарылды.
Өз кезегінде, қала прокуратурасы бұл бағыттағы қызметті қатаң бақылауға алып, қызметтер атқарып, бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіруге заңнама талаптарына сәйкес барлық шараларды қолданатынына сенім білдіреді.